Алматы прокуратурасы шетелдік компанияның иелігінде заңсыз болған 71,9 га ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтаруға қол жеткізді.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, қаланың беделді бөлігінде орналасқан учаскелер Жер кодексін бұза отырып пайдаланылған. Заң бойынша шетелдік субъектілер Қазақстан аумағындағы ауыл шаруашылығы жерлеріне иелік ете алмайды.
Прокуратураның талап арызы бойынша Алматы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қадағалау органының талаптарын қанағаттандырды. Кейін аппеляциялық саты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Нәтижесінде мемлекетке жалпы құны 5,9 млрд теңге болатын жер учаскелері қайтарылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев және миллиардер Владимир Киммен байланыстырылатын нидерландтық Noord Holland Trading Company B.V. компаниясы Алматыда бірнеше ондаған миллиард теңгеге жылжымайтын мүлікке ие.
Сонымен қатар, бұл меншік Қазақстан заңнамасы шетелдік компанияларға жерге иелік етуге тыйым салатын шекара маңы аймағында орналасқан.
Фонд-бюро расследования коррупции