Skip to main content

Жаңа жетім балалар жатақханасы Алматыдағы авариялық ғимараттың орнына салынады

Submitted by Вера Александрова on

Алматыда жетім балаларға арналған «Жанұя» мамандандырылған кешені» КММ ескі авариялық ғимарат бұзылып, орнына жаңа, заманауи ғимарат салынады. 

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, тәрбиеленушілерге оқу және спорт залдары бар жатақхана салынады.

«BI Group құрылыс компаниясы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында өз қаражаты есебінен ескі ғимаратты бұзып, жаңа заманауи кешен салуды жоспарлап отыр. Жобаны 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда», — делінген хабарламада.

«Жанұя» 2006 жылдан бері жұмыс істейді және оның құрамына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйі, сондай-ақ 4 жастан 18 жасқа дейінгі интеллектуалдық бұзылыстары бар балаларға арналған түзету мектеп-интернаты кіреді. 

Ғимарат 1962 жылы салынған және қазіргі уақытта авариялық жағдайда тұрғаны хабарланды.

«Құрылыс жобасының іске асырылу барысын мәслихат депутаттарынан, қоғамдық кеңес өкілдерінен, білім басқармасынан және басқа да мүдделі органдардан құралған арнайы комиссия бақылайды», — деп атап өтті «Жанұя» СК қамқоршылық кеңесінің төрағасы Рафаэль Гасанов.