В Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Айдарлы ауылында 200 бала әкімдік ғимаратында оқып, мешітте түскі ас ішеді.
«Хабар» мәліметінше, сонымен қатар 140 оқушының бастауыш сынып сабақтары оқу орнының қосымша ғимаратында өтуде. Бұған мектептегі созылған жөндеу жұмыстары себеп болды. Оны 2023 жылдың қазан айында аяқтау керек еді, алайда мердігер мерзімді бұзды.
Білім басқармасы шара қабылдағанын мәлімдеді – мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылып, мердігер компанияға сотқа шағым түсірілді.
Өз кезегінде Мойынқұм ауданы білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаев жөндеу жұмыстарының аяқталуға жақындағанын хабарлады.
«Бүгінгі таңда мектептегі барлық ішкі әрлеу жұмыстары толығымен аяқталды. Тек тақтатас төсеу және аумақты абаттандыру қалды. Бұл ауа райына байланысты созылып кетті. Абаттандыру жұмыстарын мердігер компания 1 сәуірге дейін аяқтауды жоспарлап отыр», - деп сендірді ол.
Фонд-бюро расследования коррупции