Астанада жаңа Салық кодексінің жобасы таныстырылды.
zakon.kz мәліметінше, ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин автокөлік иелері мен зейнеткерлерге жақсы жаңалық бөлісті.
Оның айтуынша, енді барлық жеке тұлғалар үшін көлік құралдарына көлік салығының төмендетілген мөлшерлемелері қолданылады.
«Егер көліктің қызмет ету мерзімі 10 жылдан астам болса, мөлшерлеме 30%-ға, ал 20 жылдан астам болса – 50%-ға төмендейді. Екінші мәселе — зейнеткерлер үшін жеке табыс салығының мөлшерлемесін қысқартамыз, яғни зейнеткерлер табыс салығын төлемейді», - деп атап өтті вице-министр.
Фонд-бюро расследования коррупции