Skip to main content

«Жамбыл су» компаниясындағы бұзушылықтарды анықтаған КРЕМ Департаменті су бұру тарифін төмендетті

Submitted by fbrk_news on

(26 ақпан 2026 жыл | Дереккөз: Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі)

Жамбыл облысында «Жамбыл су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (МКК) тұтынушылары үшін су бұру тарифі төмендетілді. Шешім кәсіпорынның 2023–2024 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасының орындалуын тексеру және табиғи монополиялар туралы заңнама талаптарының бұзылуын анықтау нәтижесінде қабылданды.

ТАРИФ НЕГЕ ҚАЙТА ҚАРАЛДЫ

Жамбыл облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің (ТМРК) Департаменті «Жамбыл су» МКК кәсіпорнының 2023–2024 жылдарға арналған бекітілген инвестициялық бағдарламасының ағынды суларды бұру қызметі бойынша орындалуына талдау жүргізді.

Тексеру қорытындысы бойынша инвестициялық бағдарламаны орындауға қатысты ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 26-бабы 2-тармағының 16) тармақшасы талаптарының сақталмағаны анықталды.

ТАРИФ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРЕДІ

Департаменттің бұйрығымен 217,9 млн теңге (217 908,21 мың теңге) мөлшерінде өтемақы көздейтін уақытша өтемдік тариф бекітілді.

Ағынды суларды бұру қызметі бойынша орташа босату тарифі төмендетілді:

  • 2026 жылғы 1 сәуірден 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін40,49 теңгеден 28,01 теңгеге дейін (30,8%-ға);
  • 2026 жылғы 1 қыркүйектен 2027 жылғы 1 сәуірге дейін48,68 теңгеден 36,20 теңгеге дейін (25,6%-ға).

Уақытша өтемдік тарифтің қолданылу мерзімі бір жылға белгіленді.

КӘСІПОРЫНҒА САЛЫНҒАН АЙЫППҰЛ

«Жамбыл су» МКК-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабы 4-бөлігі («Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу») бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Кәсіпорынға 6 920 000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, мемлекет кірісіне өндірілді.

Жеті күн ішінде айыппұл сомасының 50% ерікті түрде төленуіне байланысты іс қысқартылған тәртіппен қаралды. Төленген сома мемлекеттік бюджетке аударылды.