Skip to main content

Жамбыл облысындағы балалар орталығында он бала уланды

Submitted by Вера Александрова on

Жамбыл облысы Мерке ауылында «Нұрай» жеке балалар орталығының 10 тәрбиеленушісі уланып ауруханаға түсті.

ORDA мәліметінше, тоғыз бала жедел ішек инфекциясымен түскен, біреуіне энтеровирус диагнозы қойылған. Бір бала реанимацияға жатқызылған, жағдайы тұрақты.

«Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жүргізіп жатыр: сынамалар алынып, сараптама нәтижелері күтілуде», — деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігі.

Белгілі болғандай, балалар орталығы дезинфекция жүргізу үшін екі күнге жабылды. Жергілікті билік тексеруден кейін шара қолдануға уәде берді.

Еске сала кетейік, 6 қыркүйекте Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы Бесшокы тұрғын алабында 462 бастауыш сынып оқушысы асханада түскі астан кейін жаппай уланған

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медициналық көмекке 462 оқушы жүгінгенін айтты. Оның 96-сы ауруханаға жатқызылды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елдің барлық мектептерінде тексеру жүргізуді тапсырды

Сонымен қатар, мектеп асханасына «Шәкенова Д» ЖК қызмет көрсеткені белгілі болды. Кәсіпорынның жылдық табысы 2,5 млрд теңге деп бағаланғаны хабарланды. Компаниямен көптеген келісімшарттар бір көзден жасалған.

16 қыркүйекте Маңғыстау облысы Сараптама ұлттық орталығы зертханасының мамандары оқу орнының асханасынан өрескел санитарлық бұзушылықтарды анықтады.

Мектеп асханасынан алынған сынамалар мен жағындылардың 20 %-нда ішек бактериялары табылды. Асхананың алты қызметкерінен стафилококк анықталды. Сонымен қатар, ыдыс жуушы және тамақ таратушы дизентерия тасымалдаушылары болып шықты.

Қазанда Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев осы оқиғадан кейін Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы қызметінен кеткенін, ал облыс әкімінің орынбасары сөгіс алғанын айтты. Сонымен қатар, мектеп тамақтандыру қызметін жеткізген компаниямен келісімшартты бұзды.

Осы жылдың қаңтарында аталған мектеп асханасының төрт қызметкері медициналық тексеруден өтпей жұмыс істегені үшін сотталды. Сотталушылар 5000 теңгеге жалған медициналық қорытынды сатып алғандарын мойындады.

Ақпан айында Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық әкімдігіне қарасты Қызылсай ауылында балабақшалардың бірінің 100 тәрбиеленушісінің жаппай улануы болды.