Skip to main content

Манғыстау облысында балалардың тағы бір жаппай улануы

Submitted by Вера Александрова on

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылының мектебінде оқушылармен жаңа драма болды.

ORDA облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлағандай, 12 қыркүйек күні кешкі сағат 7 шамасында Жұмағали Қалдығараев атындағы мектептің 16 оқушысы іш ауруына шағымданып аудандық жедел жәрдем бөлімшесіне жүгінген.

«Қабылдау бөлімінде оларға ауызша регидратация және инфузиялық терапия жүргізілді. 12 қыркүйек сағат 21:43 жағдайы бойынша барлық бала үйлеріне жіберілді. Оқушылардың жағдайы тұрақты. Бүгін барлық бала мектепте», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, дәрігерлер балалардың судан уланғанын болжаған. Мамандар мектеп асханасынан сынамалар алып, сараптамаға жіберген. 

Еске салайық, 6 қыркүйекте Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылының Бесшоқы тұрғын алабында кіші сынып оқушылары асханадағы түскі астан кейін жаппай уланған

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова барлығы 462 оқушының медициналық көмекке жүгінгенін айтты. Оның 96-сы ауруханаға жатқызылды, 17-сі үйіне шығарылды. Реанимацияда жатқан екі бала жалпы бөлімге ауыстырылды. Қалған 387 бала амбулаториялық ем алуда. 

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елдің барлық мектептерінде тексеру жүргізуді тапсырғанын хабарлады

Сонымен қатар белгілі болғандай, мектеп асханасына «Шәкенова Д» ЖК қызмет көрсеткен. Кәсіпорынның жылдық кірісі 2,5 млрд теңге деп бағаланғаны айтылды. Компаниямен көптеген келісімшарттар бір көзден алу тәсілімен жасалған.