Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілік қызметкерлері Дубайдан криптовалютамен заңсыз сауда жасағаны үшін іздеу жарияланған Қазақстан азаматын экстрадициялады.
Бас прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті 2022 жылдан 2024 жылға дейін лицензиясыз «Binance» криптобиржасы платформасында цифрлық активтерді сатып алып, сатып, айырбастап келген. Заңсыз кіріс 400 млн теңгені құраған.
Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін фигурант жасырынып, осыған байланысты ол халықаралық іздеу жарияланды.
Ақпан айында күдікті Дубайда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта ер адам тергеу изоляторында отыр.
Осы қылмысты жасағаны үшін оған мүлкін тәркілеумен бес жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қауіп төндіреді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокуратура қызметкерлері Әзірбайжаннан кісі өлтіру және қарақшылық қоса алғанда, аса ауыр қылмыстар сериясын жасағаны үшін іздеу жарияланған Қазақстан азаматын экстрадициялаған болатын.
Өткен жылдың қазан айында күдікті және оның серігі таныс кәсіпкерді кездесуге алдап шығарып, оны есінен танғанша ұрып-соққан. Содан кейін қылмыскерлер кәсіпкердің жалпы құны шамамен 40 млн теңге болатын мүлкін иеленіп, оны Алматы сыртына алып шығып, өлтірген.
Фонд-бюро расследования коррупции