Ақтөбеде аудиторлық тексеру 1 млрд теңге тұратын веложолдың құрылысында бұзушылықтарды анықтады. Қалалық ТКШ бөлімі мердігер жұмсаған 34 781 000 теңгені қайтару туралы талаппен сотқа жүгінді.
БАҚ деректері бойынша, бұған дейін мердігер қажетті құжаттамасыз құрылыс жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылған болатын. Мемлекеттік аудит департаменті істі жеңіп, нәтижесінде мердігерлік ұйымды айыппұл төлеуге міндеттеді.
«ЖШС мен «Ақтөбе қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ арасында құрылысқа жатпайтын жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды. Аталған шарттың 3.2-тармағынан қазынашылықтың аумақтық органында шарт «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша тіркелуге тиіс екендігі шығады», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Нәтижесінде Ақтөбе облыстық соты мердігерлік ұйымды ӘҚБтК-нің 312-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Жобалық-сметалық құжаттаманың болмауы үшін компанияны 200 АЕК (738 400 теңге) төлеуге міндеттеді. Сонымен қатар, мемлекеттік аудит департаменті ТКШ бөлімі мен мердігер арасында жасалған шартты жарамсыз деп тануға тырысуда.
«Аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде бұзушылыққа жол берілген. Департамент шартты жарамсыз деп тану туралы талап қойды. Бірінші инстанцияны біз жеңіп қойдық. Шартты жарамсыз деп таныдық. Бірақ шешім әлі заңды күшіне енген жоқ», - деді Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Сәкен Қасымов.
Тапсырыс беруші болған оқиғаға түсініктеме бермеді, тек веложолдың құрылысы тоқтатылғанын ғана нақтылады.
Фонд-бюро расследования коррупции