(27 қаңтар 2026 | Дереккөз: Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі)
Ақмола облысында «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында заңсыз аң аулау ісі бойынша айыптау үкімі шығарылды. Күдіктілердің әрекеттері ҚР ҚК 337-бабы бойынша сараланды.
ІСТІҢ МӘНІ
Үш азамат «Көкшетау» МҰТП Зеренді филиалының күзет аймағында үш сібір елігін заңсыз атып, жануарлар дүниесіне елеулі зиян келтірді.
Қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды.
АЙЫПТАУ ҰСТАНЫМЫ
Сотталушылардың кінәсін мойындамауына қарамастан, Зеренді ауданы прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысының ұстанымы бойынша олардың қылмыс жасауға қатыстылығы сотта толық дәлелденді.
СОТ ҮКІМІ
- заңсыз аң аулауды ұйымдастырушы 6 жыл бас бостандығынан айырылды
- екі сыбайлас — 2 жыл 8 айдан бас бостандығынан айырылды
- қылмыс жасау кезінде пайдаланылған автокөлік мемлекет кірісіне тәркіленді
Үкім заңды күшіне енді.
КОНТЕКСТ
Бұл осы ауданда жыл басынан бері ҚР ҚК 337-бабы бойынша екінші айыптау үкімі.
Ақмола облысы прокуратурасы жануарлар дүниесіне, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қол сұғу үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін еске салды.
Фонд-бюро расследования коррупции