Желіде Қарағанды облысы полиция департаментінің тергеу басқармасының бұрынғы бастығы Рүстем Құлкеевтің ұсталғаны туралы ақпарат таралуда. Ол 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бері іздеуде болған.
Patriotnews.kz өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлағандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және ІІМ-нің ішкі қауіпсіздік басқармасы Құлкеевті оның үйінен – Қарағандыдағы тіркеу мекенжайы бойынша ұстаған.
Тергеу басқармасының экс-бастығы қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдеме ретінде алынған майнингке арналған жабдықты ұрлады деген күдікке ілінген.
«Құлкеевке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі «Ұрлық» және ҚР ҚК-нің 361-бабы «Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану» бойынша қылмыстық іс тергелуде», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Құлкеевпен бірге іс бойынша күдікті ретінде оның бағыныштысы - тергеуші Қанатов өтіп жатыр. Қазір ол тергеу изоляторында.
Еске сала кетейік, Рүстем Құлкеев іздеуге жарияланған болатын өткен жылдың желтоқсан айында. Оған дейін ол тергеу басқармасы бастығы лауазымынан босатылғаны хабарланған еді.
Фонд-бюро расследования коррупции