Skip to main content

Сыбайлас жемқорлық және алаяқтық үшін мемлекеттік кәсіпорынның бас директоры сотталды

Submitted by Вера Александрова on

Шымкент қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы» РМК филиалының бас директоры Төрегелдиев К. және жеке компания басшысы Озықбаев Д. қатысты үкім шығарды. 

Антикор баспасөз қызметінің дерегінше, Төрегелдиев алаяқтық, пара беруге азғыру және немқұрайлылық үшін кінәлі деп танылса, Озықбаев пара беруге оқталу үшін кінәлі деп танылды. 

Төрегелдиев аудиторлық тексеру бойынша мәселені оң шешу үшін лауазымды тұлғаларға пара беру сылтауымен алдау жолымен Озықбаевтың 500 мың теңгесіне ие болғаны хабарланды. 

Сондай-ақ Төрегелдиев орындалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойған. Мемлекетке келтірілген залал 2,2 млн теңгені құрады. 

Нәтижесінде сот үкімімен Төрегелдиевке 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, ал Озықбаевқа 7,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар оларға өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін қоғам белсендісі және «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығының пестицидтерді бағасы үш есе қымбат сатып алғанын анықтаған болатын. Артық төлем 205 294 556 теңгені құрады.