Алматыда Ерменсай шағын ауданында Graff тұрғын үй кешенін (ТҮК) бұзып жатыр. Ол заңсыз салынып жатқан деп танылып, сот шешімімен бұзуға жіберілді.
Алматы қалалық құрылыс бақылау басқармасының мәліметінше, ТҮК үш жер учаскесінде рұқсат беру құжаттарынсыз салынған.
Өткен жылдың қаңтарында тапсырыс берушіге қатысты басқарма әкімшілік шаралар қолданып, жіберілген бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берген. Кейін ведомство Бостандық аудандық сотына бұзу туралы талап қойды.
Шілдеде аудандық сот басқарманың талап арызын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Қазанда апелляциялық сот бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Еске салайық, бұрын хабарланғандай, Алматыда Graff ТҮК құрылысы сот қаулысына қарамастан қайта жандандырылған болатын. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жергілікті инфрақұрылым көппәтерлі тұрғын үй кешеніне қызмет көрсетуге жарамсыз. Ал жеке сектор арқылы ТҮК-ке апаратын жалғыз жол өте тар. Бұл, олардың пікірінше, жол-көлік оқиғаларының қаупін арттырады.
Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар құрылыс жұмыстарына байланысты электр жарығы, кәріз және сумен жабдықтауда қиындықтар туындауы мүмкін екенін айтқан болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции