Skip to main content

Су тасқыны Ақмола облысындағы ауылды оқшаулап қалды

Submitted by Вера Александрова on

Ақмола облысы Астрахан ауданының Ескі Көлтон ауылы Көлтон өзенінің тасуына байланысты көлік қатынасынан ажырап қалды.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте құтқарушылар моторлы қайықтардың көмегімен 21 ауыл тұрғынын, оның ішінде жүкті әйелдерді де өткізген.

Жағалау сызығын нығайту үшін ведомство қызметкерлері 1000-нан астам қап инертті материалдарды төсеп, 300 текше метр суды сорып шығарды. Сонымен қатар қауіпсіз жерге 21 бас ірі қара мал және 100-ге жуық қой көшірілді. 

«Құтқару жұмыстарына 70-ке жуық жеке құрам, ТЖМ, ЖАО және еріктілердің 20 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылды. Жағдай ТЖМ бақылауында. Құтқару және нығайту іс-шаралары тәулік бойы жалғасуда», – деп атап өтті министрлікте.

Бейнематериалды біздің ФБРК Telegram-арнамыздан көре аласыз.