Ақмола облысында Степногорск ТКШ бөлімінің бухгалтерия маманы мен оның сыбайласына үкім шығарылды.
Өңір соттарының баспасөз қызметінің мәліметінше, маман бөлім басшысының ЭЦҚ-сын пайдаланып, бюджет қаражатын орындалмаған жұмыстар үшін танысы А.-ға тиесілі компанияның шотына аударған.
Сонымен қатар, айыпталушы бюджеттен ақшаны күйеуінің ЖК шотына аударған. Заңсыз аударылған қаражаттың жалпы сомасы 43 млн теңгеден асқан.
«А. С.-ға өз ЖШС-нің банк шотын беріп, ақшаны жнатурализациялауға жәрдемдескен. Осылайша, С. қызмет бабын пайдаланып, А.-мен алдын ала сөз байласу арқылы топта, алаяқтық жолмен бюджет қаражатын бірнеше рет ұрлап, мемлекетке ерекше ірі мөлшерде материалдық зақым келтірген (ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы)», - делінген хабарламада.
Сот бөлім маманына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Оның танысы А. көмектесушілікте кінәлі деп танылып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Сонымен қатар, оларға өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Сондай-ақ сот ТКШ бөлімінің екі сотталушыдан материалдық залалды өндіріп алу туралы азаматтық талабын қанағаттандырды.
Фонд-бюро расследования коррупции