Ақмола облысында құрылыс саласындағы ірі алаяқтық тергелуде. Бес азамат жәбірленуші деп танылды.
Polisia.kz мәліметінше, Косшы қаласының полиция бөліміне Астана тұрғыны құрылыс компаниясы тарапынан алаяқтық жасалғаны туралы арызданған.
Ол компания Целиноград ауданы Қараөткел кентінде төрт бөлмелі үй салуға міндеттенгенін хабарлаған.
Белгілі болғандай, 2023 жылдың қараша айында жәбірленуші шамамен 31 млн теңге көлеміндегі жұмыс құнын төлеген. Шарт талаптары бойынша мердігер сол жылдың желтоқсан айында іргетасын құйып, қабырғалары мен шатырын тұрғызуы керек еді. Алайда көрсетілген мерзімде нысанда жұмыс тіпті басталмаған.
Жәбірленуші компания өкілдерімен байланысуға және ақшаны қайтаруды талап етуге көптеген әрекеттер жасағаннан кейін де қаражатты қайтара алмағанын айтқан.
Сонымен қатар, полицияға тағы төрт ақмолалық азамат жүгініп, олар да осындай алаяқтық схемасына тап болған. Олардың барлығы осы компаниямен шарт жасасып, алдын ала төлем жасаған, бірақ құрылысты күткен жоқ. Құрылыс салушы әртүрлі кідіріс себептерін айтып, содан кейін байланысқа шықпай қойған.
Аталған деректер бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Фонд-бюро расследования коррупции