Skip to main content

Сот Семей қалалық емханасынан шақырылушылардың медициналық тексеруі үшін артық төленген 43,5 млн теңгені өндіріп алды

Submitted by Вера Александрова on

Абай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Семей емханасын әскерге шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін мемлекетке артық төленген ақшаны қайтаруға міндеттеді. 

Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды қамтамасыз ету қызметі емханамен 2023 және 2024 жылдары әскерге шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізуге жалпы сомасы 99 млн теңгеден астам мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқан.

Іс материалдарынан көрініп тұрғандай, Шығыс өңірінің Әскери прокуратурасы артық төлем фактілерін анықтаған: тексеруден өткен әскерге шақырылушылардың саны техникалық сипаттамаларда көрсетілгеннен аз болған.

Емхана кері талап қойып, шарт талаптарын ішінара жарамсыз деп тануды талап еткен. Жауапкердің мәлімдеуінше, сандық көрсеткіштер — 4300 және 2200 әскерге шақырылушы — қате көрсетілген, ал шарттардың өзі «жалған мәміле» болған.

Құжаттар мен орындалған жұмыстардың актілерін зерттей келе, сот төлемнің шынымен де көзделген қызмет көлемінен артық жүргізілгенін анықтаған. Өз кезегінде, жауапкер техникалық сипаттамаларға қате деректердің әдейі немесе оларды орындау ниетінсіз енгізілгенін дәлелдемеген.

Сот емхананың мәмілелердің жалғандығы туралы дәлелдерін негізсіз деп таныған, себебі шарттар екі жыл қатарынан тараптармен жасалып, орындалған.

«Ақша қаражатын артық төлеу негізсіз баю болып табылады және мемлекет кірісіне қайтарылуға тиіс», — делінген хабарламада.

Нәтижесінде сот емханадан 43,5 млн теңге және мемлекеттік баж салығын өндіріп алды. Емхананың кері талап арызы қанағаттандырылмады.