Skip to main content

Сот Алия Назарбаеваның бұрынғы күйеуінің банкроттық туралы өтінішін қабылдамады

Submitted by Вера Александрова on

Сот бұрынғы жұбайы Әлия НазарбаеваныңДанияр Хасеновтың өзін банкрот деп тану туралы өтінішін қабылдамады. Баспарттауға негіз болған — оның мүліктік жағдайы мен кірістері туралы шынайы ақпараттың болмауы. 

Анықтама үшін: Данияр Хасенов — бұрынғы кәсіби футболшы, кейінірек «Қазақстан темiр жолы» (ҚТЖ) ҰК» АҚ құрылымдарында топ-менеджер болған. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаевамен некеде болған. Ортақ балалары бар.

Telegram-арнасының «Nege.Aqsha» мәліметі бойынша, Хасеновтың «Проблемалық несиелер қоры» АҚ алдындағы берешегі 23,8 млрд теңгені құрайды. Берешек 2003 жылы жасалған «Казкоммерцбанк» АҚ мен «АзияПромСбыт» ЖШС арасындағы несие желісін ашу туралы келісім шеңберінде пайда болған. Хасенов осы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына кепіл болған.

Талқылау барысында қаржылық басқарушы борышкердің жылжымалы да, жылжымайтын да мүлкі жоқ, ал орташа айлық табысы нөл теңге екенін хабарлады. 

Сонымен қатар, Хасенов бірқатар жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың тең иесі болып табылады:

  • «Империал Инвест Корпорациясы» ЖШС-нің 90%;
  • «Petroleum Invest Corporation» ЖШС-нің 65%;
  • «Біріккен технологиялар және қаржы» ЖШС-нің 50%;
  • «Мегаспорт» футбол клубы» ЖШС-нің 50%.

Сот «Petroleum Invest Corporation» ЖШС 2024 жылы 9,5 млн теңгеден астам сомаға салық төлегенін, ал басқа компаниялар банкрот деп танылмағанын және тарату сатысында жоқ екенін атап өтті. 

Сонымен бірге, қаржылық басқарушы осы компаниялардың жай-күйіне баға бермеген және ортақ борышкерлерді субсидиарлық жауапкершілікке тарту мүмкіндігі туралы қорытынды жасамаған.

«Борышкер Хасенов Д. П.-ның әрекеттерінен сот адалдық принципін көрмейді, өйткені борышкер шарттық міндеттемелер бойынша елеулі сомаға кепіл болып, оларды қайтару бойынша әрекет жасамаған», — деп мәлімдеді сотта.

Сот сондай-ақ берешектің болуы азаматты банкрот деп танудың сөзсіз негізі емес екенін атап өтті. Сотқа ауру, мүгедектік немесе еңбек қабілетінің жоғалуы сияқты табыстың болмауының объективті себептерін растайтын құжаттар ұсынылмағаны айтылады.

Керісінше, сот жұмыстың болмауы ауыр өмірлік жағдайлардың емес, Хасеновтың ерікті таңдауының нәтижесі деген қорытындыға келді. Сонымен қатар, ол отбасылық жағдайы туралы құжаттарды ұсынбаған.

«Жоғарыда айтылғандар борышкердің өзінің нақты мүліктік жағдайы туралы ақпаратты жасырғанын көрсетеді. Борышкердің несие беруші алдында ақшалай міндеттемелер туындаған кезеңде өзінің төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті және тиісті шаралар қабылдауға тырысқаны туралы дәлелдер сотқа ұсынылмады», — деп атап өтті судья.