Skip to main content

Шахтинск ЖЭО-ның жылыту маусымын бұзғаны үшін айыппұл салынды

Submitted by Вера Александрова on

Шахтинск ЖЭО-на жылыту маусымын бұзғаны үшін шамамен 400 мың теңге айыппұл салынды.

БАҚ деректері бойынша, қаңтар айынан бастап Шахтинск тұрғындары пәтерлердегі суыққа шағымданған. Осы уақыт бойы ЖЭО басшылығы мен қалалық әкімдік өкілдері қала тұрғындарын кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеп жатқанына сендірген. 

Алайда Қарағанды облысы атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау департаментінің жоспардан тыс тексеруі мұны жоққа шығарды.

«Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша мыналар анықталды: «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС ЖЭО-да 16.02.24 ж. бастап 22.02.24 ж. аралығында жылумен жабдықтау жүйесі үшін бекітілген температуралық кесте сақталмаған. Энергетика министрінің бұйрығымен бекітілген Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережелерінің 579-тармағының талаптары бұзылған... Осылайша, ӘҚБтК-нің 300-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған», - делінген хабарламада.

Нәтижесінде «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС 369 200 теңгеге айыппұл салынды. Кәсіпорын айыппұлды төлегені хабарланады.