Абай облысындағы «Семей орманы» резерватында өрттер туралы ерте хабарлау жүйесін 4,1 млрд теңгеге орнату болмайды. Мұндай шешімді экология және табиғи ресурстар министрлігі алдағы өрт қауіпті маусымға арналған кеңесте қабылдады.
«Министрліктің 2024 жылға арналған бюджетін қалыптастыру кезінде материалдық-техникалық жарақтандыруға 5,4 млрд теңге бөлінді, сонымен қатар «Семей орманы» резерватында ерте анықтау жүйесін енгізуге (4,1 млрд теңге) қаражат қолдау таппады», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, мемлекеттік орман қорын авиациялық патрульдеуге 7,7 млрд теңге, ал азаматтық қорғау саласындағы басым шараларға 16,7 млрд теңге бөлінгені белгілі болды.
Еске сала кетейік, бұған дейін экология және табиғи ресурстар министрлігінің тексеруінен кейін Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстарының, сондай-ақ «Семей орманы» резерватының ықтимал өрттерге дайын еместігі белгілі болды.
Айта кетейік, өткен жылдың маусым айында Абай облысының ормандарында ірі өрт болып, салдарынан «Семей орманы» орман табиғи резерватының 14 қызметкері қаза тапты.
Фонд-бюро расследования коррупции