Қазақстан үкіметінде су тасқынынан кейін үкімет резервінен бизнестің мүліктік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлінгені туралы мәлімдеді. Өңірлік комиссиялар шағын және орта бизнес өкілдерінен өтініштер қабылдап жатыр.
ORDA деректеріне сәйкес, үкіметте өңірлік комиссиялар 1,5 млрд теңге сомасына 178 өтінішті қарап, мақұлдағанын атап өтті.
Өңірлік әкімдіктердің бағалауынша, елімізде шағын және орта бизнестің 746-ға жуық субъектісі зардап шеккен.
Үкімет резервінен қаражат Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына бөлінетіні хабарланды.
Еске сала кетейік, бұған дейін вице-премьер Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қаржылай көмек көрсеткен кәсіпкерлердің есімдері мен көмек сомалары көрсетілген кестені таныстырған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции