Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ-нің (Абай облысы) жұмысында бұзушылықтарды анықтады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, мекеме 2024 жылға арналған салық мәліметтерін толық көлемде жібермеген. Ақпарат ұсынылмағандықтан, бюджетке 200 млн теңгеден астам сомаға салық түспеген.
Тексерістен кейін берешек толық көлемде өтелді. Қадағалау органында қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы жұмыс жалғасып жатқанын хабарлады.
Еске салайық, өткен жылдың қараша айында «Семей Орманында» болған өрт салдарынан орман резерватының 14 қызметкері қаза тапқан еді, осыған байланысты «Қазавиалесоқорғау» директорының міндетін уақытша атқарушы Талғат Әлиев сотталды.
Сот оны экология министрлігіне өрттен келтірілген залал сомасын – 161,5 млрд теңге төлеуге міндеттеді. Сондай-ақ, ол 4,8 млрд теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын төлеуі тиіс.
Фонд-бюро расследования коррупции