Skip to main content

SCAT әуекомпаниясы рейстің кешігуі үшін 4 млн теңге айыппұл алды

Submitted by Вера Александрова on

SCAT әуекомпаниясы рейстің кешігуі кезінде жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін айыппұл салынды.

Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 ақпанда «Өскемен–Астана» рейсінің жолаушылары ұзақ кешігудің кепіліне айналды. 

Адамдар сегіз сағаттай отырғызылуды күткеніне қарамастан, әуекомпания оларды қонақүйге уақтылы орналастыруды қамтамасыз етпеді.  

Тек кешкі сағат онда, кезекші прокурордың араласуынан кейін ғана жолаушыларға демалыс орны берілді.

«Адамдар бар күнін әуежайда, тиісті жағдайсыз ұшуды күтіп өткізді. Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасы азаматтардың құқығының бұзылуына әрекет етті», - деп хабарлады ведомствода.

Тексеру нәтижесінде әуекомпания әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1000 АЕК (3 932 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) төрағасының орынбасары Болат Самбетов бағаны негізсіз көтеру күдігі бойынша Fly Arystan әуекомпаниясына қатысты тергеу мәліметтерін жария етті.