Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі және кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының тағы үш әйелі Франциядағы жылжымайтын мүліктерінен айырылды.
Еске салайық, бұған дейін Антикор жариялаған тізімде кәсіпкерден тәркіленген активтердің ішінде Францияның оңтүстігіндегі Антиб түбегінде орналасқан бір үй болған.
Telegram-арнасының «Теңізге шығу» деректеріне сәйкес, бұл үй шын мәнінде «Parc du Cap’s» элиттік тұрғын үй кешені болып шықты. Сатыбалдыдан осы жерде жалпы құны €8,5 млн (4 млрд теңге) тұратын төрт пәтер тәркіленді.
Анықталғандай, 2017 жылдың желтоқсанында Франциямен көршілес Монакода «KS Propriete», «SK Propriete», «AB Propriete» және «GK Propriete» компаниялары тіркелген. Кейін осы компанияларға «Parc du Cap’s» тұрғын үй кешенінен төрт үш бөлмелі пәтер рәсімделген.
Компания атауларындағы алғашқы екі әріп олардың иелері - Қайрат Сатыбалды, Саида Қанатбекқызы, Әсел Бахтиярқызы және Гүлмира Қауасқызы (Сатыбалды) есімдерінің бас әріптері екені хабарланады. Аталған азаматшалар Қайрат Сатыбалдының әйелдері болып табылады.
Франциядағы пәтерлерден басқа, Сатыбалдының басқа әйелдері - Саида мен Әселге Дубайда жылжымайтын мүлік тиесілі болған, ол да кәсіпкердің тәркіленген активтерінің тізіміне енген болуы ықтимал.
Айта кетейік, Қайраттың ресми әйелі - Гүлмира Сатыбалды қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін иемдену және жымқыру үшін 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатыр.
Сондай-ақ бұған дейін белгілі болғандай, Сатыбалдының тағы бір ресми емес әйелі, Қалмақстан тумасы - Марсела Нұрсұлтан Мәскеудегі элиттік «Алтын кілттер» тұрғын үй кешеніндегі ауданы 272 ш. м. және құны 1 млрд теңгеге жуық пәтерінен айырылған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции