Skip to main content

Сатыбалды Алматыда деменциямен ауыратын зейнеткер әйелден 250 млн теңге мұраға алды.

Submitted by Вера Александрова on

Алматыда зейнеткер Маргарита Жилинскаяның мұрасына байланысты жанжал туындады. Әйелге «деменция» диагнозы қойылғаннан кейін оған әлеуметтік қызметкер бекітіліп, ол өзінің барлық мүлкін соған аударып беріп, көп ұзамай қайтыс болды.

Ratel.kz мәліметінше, 2021 жылғы ақпанда аудандық әкімдік Жилинскаяға әлеуметтік қызметкер – Гүлсім Сатыбалдыны тағайындаған. Зейнеткердің туыстары әлеуметтік қызметкер пайда болғаннан кейін Маргарита Жилинскаямен байланыс үзілгенін айтады. 

Сол жылғы сәуірде қарт әйел ауруханаға түсіп, 14 мамырда емханадан шыққан соң Гүлсім Сатыбалдыға пәтерін, жалпы құны 250 млн теңге болатын үш жер телімін және төрт банктік шотта сақталған барлық жинағын қалдырып, өсиет ресімдеген. Осыдан тоғыз күн өткен соң Маргарита Жилинская қайтыс болды.

2022 жылы қайтыс болған әйелдің қарындасы, бірінші топтағы мүгедек Светлана Бабакова өсиетті сотта даулады. Медеу аудандық соты өлімнен кейінгі психологиялық-психиатриялық сараптама нәтижелерін қарап, зейнеткердің өсиетті жасау кезінде өз әрекеттерін сезіне алмайтынын анықтап, өсиетті жарамсыз деп таныды.

Сот шешімі заңды күшіне енгеніне қарамастан, Гүлсім Сатыбалды пәтерді босатуға асықпайды. Зейнеткердің туыстарының сөзіне қарағанда, сот шешімінің орындалуы атқару парағын ресімдеу кезіндегі процедуралық бұзушылықтарға байланысты кешіктіріліп жатыр.

Светлана Бабакованың әділдікті қалпына келтіру үшін Президентке жүгінуге ниетті екені атап өтіледі.