Skip to main content

Прокуроры Рудного 20 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді

Submitted by Вера Александрова on

Қостанай облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімшесі облыстық ҰҚК департаментімен бірлесіп Рудный қаласының прокурорын ұстады.

Бас прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, ол қылмыстық жазаланатын әрекет жасады деген күдікке ілінген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Telegram-арнасы «HALYQSTAN» қалалық прокурор Мұрат Оспанов қылмыстық істі тоқтату үшін 20 млн теңге келемінде пара алды деген күдікке ілінгенін хабарлайды.



Ұстау Қостанайдың 9-шы шағынауданындағы «Азия» дүкенінің жанында арнайы бөлімшенің қатысуымен жүзеге асты.

Белгілі болғандай, Оспанов Рудный прокуроры лауазымын былтырғы қыркүйек айынан бастап атқарған. Оның прокуратура органдарындағы жалпы еңбек өтілі 20 жылдан асады.