Алматы прокуратурасы қала әуежайының жаңа терминалын салып жатқан инвесторға салынған айыппұл мен қосымша төлемдердің күшін жойды.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа халықаралық терминалдың құрылысымен және әуежайды қайта жаңғыртумен «TAV Қазақстан» ЖШС айналысады.
Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 85 млрд теңгені құрайды, жобаны іске асыру 500-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.
Белгілі болғандай, Алматы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының «Алматы Су» МКК инвесторға сумен жабдықтау және су бұру қызметтері бойынша 122 млн теңге көлемінде айыппұл мен қосымша төлемдерді негізсіз қойған.
«Табиғи монополия субъектісі заңды күші жоқ шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етті. «Алматы Су» ШЖҚ МКК-нің заңсыз әрекеттері Түрксіб ауданы прокуратурасымен қадағалау актісін енгізу арқылы тоқтатылды», - деп атап өтті ведомствода.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Қазақстан Ғарыш Сапары» (ҚГС) ұлттық компаниясы Ұлттық ғарыш орталығының екінші кезегінің құрылысы бойынша шарт талаптарын жүйелі түрде бұзған малайзиялық «King Development» ЖШС инвесторымен ұзақ сот дауында жеңіске жетті.
Фонд-бюро расследования коррупции