Қызылорда облысында кәсіпкерді заңсыз тексеру жүргізгені үшін бақылау басқармасының бас маманына айыппұл салынды.
Өңір прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған қызметкер тексеру тағайындау туралы актісіз Қызылорда қаласында орналасқан құрылыс компанияларының бірінің қызметін заңсыз тексерген.
Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпкер ҚР ӘҚБтК-нің 318-бабы («Объектілер мен кешендерді қабылдау және пайдалануға берудің белгіленген тәртібін бұзу») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Осылайша, бақылау басқармасы қызметкерінің заңсыз әрекеттері кәсіпкердің құқықтарының бұзылуына әкеп соқты», - делінген хабарламада.
Нәтижесінде облыс прокуратурасы ҚР ӘҚБтК-нің 175-бабы («Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу») бойынша әкімшілік іс қозғап, сот қаулысымен маманға 55 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласы Түрксіб ауданының прокуратурасы әкімдік лауазымды тұлғаларының кәсіпкерлерді тексеру жүргізуге байланысты заңсыз әрекеттерін анықтаған болатын. Нәтижесінде аудандық әкім аппараттарының алты лауазымды тұлғасы 500 АЕК (1 966 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары 100 АЕК (393 200 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
Фонд-бюро расследования коррупции