Жетісу облысының прокуратурасы Текели қаласының учаскелік полиция инспекторына қатысты қылмыстық істің аяқталғанын мәлімдеді.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылдың наурыз айында айыпталушы серіктестерімен бірге қылмыстық іс бойынша өтіп жатқан 24 млн теңге сомасындағы заттай айғақтарды ұрлаған.
Қылмыс жасалғаннан кейін 7 жыл бойы полицей халықаралық іздеуде болды. Оның серіктестері әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Сот бұрынғы учаскелік инспекторды кінәлі деп танып, оған 5 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Еске салайық, қараша айында белгілі болғандай, 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бері іздеуде жүрген Қарағанды облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бұрынғы бастығы Рұстам Күлкеев ұсталды. Оны қылмыстық іс бойынша заттай айғақ ретінде алынған майнинг жабдығын ұрлауға күдіктенгені хабарланған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции