Skip to main content

Полицейлер есірткі саудасымен айналысты

Submitted by Вера Александрова on

ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев өткен жылы ведомство құқық қорғау органдары қызметкерлерінің есірткі сатудың үш фактісін анықтағанын айтты. 

zakon.kz деректері бойынша, спикер полиция қатарындағы қылмыстардың 80% өздігінен анықталатынын мәлімдеді.

«Полиция қызметіндегі бірқатар бағыттар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен байланысты екені құпия емес. Нақты өткен жылы есірткі сату фактісі бойынша үш жағдай орын алды. Айта кеткім келеді, олардың көпшілігі, полиция қатарындағы қылмыстардың 80 пайызы, меншікті қауіпсіздік бөлімшелерімен өздігінен анықталады. Бұл біздің өз қатарымызды осындай адал емес қызметкерлерден тазартуға мүдделі екенімізді көрсетеді», – деп толықтырды Шыңғыс Әлекешев.

Оның айтуынша, ішкі істер министрі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстайды. «Погондағы бөрілер» қылмыстық жауапкершілікке тартылып, теріс себептермен жұмыстан шығарылады, олар енді құқық қорғау қызметіне қайта орала алмайды. 

Еске салайық, бұған дейін желіде бейнежазба тараған, онда әйел президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгініп, күйеуін Алматы облысы Талғар АІІБ полицейлері ұрып-соғып, есірткі жасырғанын айтқан.