Желіде Жетісу облысында AMANAT партиясының бір қызметкері педофилия күдігімен ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.
ORDA деректері бойынша, жеті жасар балаға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттеріне күдікті болып AMANAT партиясының Ақсу аудандық филиалының басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты Серікқан Жақұпов отыр.
Сараптама зорлық-зомбылықты растағаны хабарланды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Өз кезегінде AMANAT филиалы Жақұповтың партия органдарында енді жұмыс істемейтінін мәлімдеді.
«Жетісу облысы Ақсу аудандық партия филиалының бұрынғы басшысына қатысты, ол өз еркімен жұмыстан кеткенін, арызын биылғы жылдың 1 тамызында бергенін хабарлаймыз», — делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, Жақұпов Жетісу облысы Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында тұрады. Ол аудандық мәслихаттың депутаты болып 2024 жылдың 31 наурызында сайланған.
Фонд-бюро расследования коррупции