Skip to main content

Павлодардағы колледж директоры 130 млн теңге иемденді

Submitted by Вера Александрова on

Павлодарда колледж директоры сотталды. Оны жұмыскерлердің жалақысын иемденді деп айыптады. 

ORDA деректері бойынша, Түсті металлургия жоғары колледжінің басшысы бола тұра, сотталушы 2013 жылдан 2023 жылға дейін жалған жұмыскерлер туралы бұрмаланған мәліметтері бар жұмыс уақытын есепке алу табельдеріне қол қойған. 

Нәтижесінде бұрынғы директор 130 млн теңгеден астам қаражатты иемденген. Ол кінәсін тек жартылай мойындады. Сонымен қатар, сотталушы бюджетке келтірілген залалды өтемеген.

Осыны ескере отырып, сот колледждің бұрынғы директорына банктік шоттарындағы ақшаны тәркілей отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Сонымен бірге ол мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. 

Еске сала кетейік, бұрын белгілі болғандай, Павлодарда бөбекжай-бақша директоры бухгалтермен сөз байласып, 63 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырған. Сот оларды кінәлі деп танып, 7 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.