Павлодарда облыстық балалар психоневрологиялық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиешісі мүгедек балаларды ұрып-соққан.
Өңір прокуратурасының мәліметінше, азаптау фактілері бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы анықталған.
Кадрларда орталық қызметкері кәмелетке толмаған тәрбиеленушілерді бірнеше рет ұрып-соққаны көрінеді.
Бұл психоневрологиялық патологиясы бар балалар екені, олар денсаулық жағдайына байланысты дәрменсіз күйде екендігі және үнемі күтімді қажет ететіні атап өтілген.
«Орталық қызметкерлеріне қатысты кәмелетке толмағандарды азаптау белгілері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, ол полиция департаментіне тапсырылды», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, тамыз айының соңында желіде бейнежазба пайда болды, онда Қостанай балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бір ер адамның баланы тепкілеп және таяқпен жүгіру жолында қуалап жатқаны көрінеді.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік қызметтер басқармасы тиісті шаралар қабылдап, кінәлі адамдарды жазалағандарын мәлімдеді.
Фонд-бюро расследования коррупции