Павлодар прокуратурасы қалалық балабақшаларда азық-түлік өнімдерін қымбат бағамен сатып алудың алдын алды.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, №23 балабақша мемлекеттік сатып алу порталында 18 мың литр сүтті (майлылығы – 2,5%) 50 620 500 теңгеге, яғни литріне 2 812 теңгеден сатып алу туралы хабарландыру жариялаған.
Ал осындай сипаттамалары бар сүттің орташа бағасы литріне 345 теңгені құрайды.
«№23 балабақшаның сүтті литріне 2 812 теңгеден сатып алуы 44 410 500 теңге көлеміндегі бюджет қаражатын шамадан тыс және негізсіз жұмсауға әкеп соқтырар еді», - делінген хабарламада.
Екінші жағдайда, №102 балабақша 14 520 кг картопты 19 455 783 теңгеге (кг үшін 1340 теңгеден) сатып алуды жоспарлаған. Ал қала дүкендерінде картоп кг үшін 120-дан 380 теңгеге дейінгі бағамен сатылады.
Прокуратура шараларымен аталған сатып алулардың күші жойылып, азық-түлік өнімдерінің сатып алу бағасы төмендетілді, ал кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
Фонд-бюро расследования коррупции