Көлік министрлігі Павлодар әуежайын реконструкциялауды аяқтау үшін Арнайы мемлекеттік қор қаражатын пайдалануды ұсынды. Жобаны жалғастыру үшін 9,3 млрд теңге жетіспейді.
Kursiv.media деректері бойынша, бұл ұсынысты Республикалық бюджет комиссиясы қолдап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджет жобасына енгізді.
Белгілі болғандай, әуежайды реконструкциялау өткен жылы басталды. Мердігер «Kyrylys Group RK» ЖШС болып табылады, келісімшарттың жалпы құны — 16,4 млрд теңге.
2024 жылы Ұлттық қордан жобаға 4,8 млрд теңге бөлінді, оған материалдар мен жабдықтар сатып алынды, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстары төленді.
Ағымдағы жылы жобаға тағы 2,26 млрд теңге бағытталды. Оның 833,6 млн теңгесі құрылыс жұмыстарына игерілді, тағы 627 млн теңге – жабдықтар мен материалдарды сатып алуға жұмсалды.
Бүгінгі күні шамамен 44% жұмыс орындалды: ұзындығы 17,5 км болатын периметрлік қоршау салынды, жарықтандыру және бейнебақылау жүйелері орнатылды, дренаж жүйесі мен ұшу-қону жолағының негізі жиналды.
Реконструкцияны аяқтау бастапқыда 2024 жылдың күзіне жоспарланған болатын, кейін мерзім 2025 жылдың қарашасына ауыстырылды. Енді аймақтың климаттық жағдайларын ескере отырып, құрылысты 2026 жылдың қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, бұрын Арнайы мемлекеттік қордан Абай облысындағы денсаулық сақтау саласындағы жобаларға 5,6 млрд теңге бөлінген болатын (https://t.me/fund_anticorr/9430). Бұл қаражат медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға арналған.
Фонд-бюро расследования коррупции