Павлодар облысындағы «Үштерек және К» ЖШС шаруа қожалығы міндетті экологиялық рұқсатсыз суармалы егістіктерде сұйық қалдықтарды заңсыз пайдаланған.
Kursiv.media мәліметінше, тексеру барысында шаруа қожалығы экологиялық рұқсат алу талаптарын бұзып қана қоймай, нормативтік құжаттарда есепке алынбаған ластаушы заттардың ауаға шығарылуына жол бергені анықталған.
Анықтама үшін: Сұйық қалдықтар – бұл тұрмыстық, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік немесе коммуналдық қызмет нәтижесінде пайда болатын сұйық немесе жартылай сұйық күйдегі қалдықтар. Олардың құрамында органикалық және бейорганикалық заттар болуы мүмкін және көбінесе қоршаған орта мен адам денсаулығына қауіп төндіреді.
Тексеру қорытындысы бойынша «Үштерек және К» ЖШС 630 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Сонымен қатар, экология департаменті Екібастұздағы «Қазақстандық қалдықтарды басқару операторы» ЖШС филиалына жоспардан тыс тексеру жүргізді. Қалдықтардың арнайы бөлінген учаскелерден тыс жерге орналастырылғаны анықталды. Осы факті бойынша 197 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, ресми нұсқама берілді.
Естеріңізге сала кетейік, маусым айында біз Абай облысы Көкпекті ауданының полицейлері «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы және «Полиция за чистоту» ведомстволық бағдарламасы аясында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын қалай қолданғаны туралы жазған болатынбыз.
Фонд-бюро расследования коррупции