ШҚО бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) департаменті «Әуежай-Өскемен» АҚ басшылығына қатысты тергеуді аяқтады. Күдіктілер қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдаланды, өздеріне сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі көлемде ұрлады, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды деп күдіктеледі.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 жыл бойы әуежайдың бұрынғы президенті және басқа да лауазымды тұлғалары жалақыны негізсіз көтеру, жалған сыйақылар және ойдан шығарылған келісімшарттар жасасу арқылы ақша ұрлауды ұйымдастырған. Кейін ұрланған сомалар касса арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған.
«АҚ-ның көлік құралдары баланстан шығарылып, нарықтық құнымен салыстырғанда еселенген төмен бағамен аффилирленген тұлғаларға сатылды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдары әуежайдың коммерциялық жылжымайтын мүлігін жеңілдікпен: төмендетілген тарифтермен және жалға алынатын аудан көлемін қысқарту арқылы жалға беру фактілерін анықтады. Мемлекетке келтірілген жалпы залал 157 млн теңгені құрады.
Сот санкциясымен күдіктілердің құны 126 млн теңге болатын мүлкіне — 4 пәтер, жер телімі, 2 автокөлік — тыйым салынды. Іс бойынша күдіктілер қамауға алынды.
Еске сала кетейік, өткен жылдың тамыз айында Астанада үкім шығарылды елорда халықаралық әуежайындағы кеден бекеті басшысының орынбасарына. Ол 57 млн теңгеге бағаланған декларацияланбаған медициналық препараттар мен алтын бұйымдарды әкелгені үшін сотталған азаматшадан пара алды деп айыпталған.
Фонд-бюро расследования коррупции