Skip to main content

Манғыстау облысында 1,5 млрд теңгеге контрабандалық темекі тәркіленді

Submitted by Вера Александрова on

Маңғыстау облысында Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) қызметкерлері Түркіменстан аумағынан кедендік бақылау аймағын айналып әкелінген контрабандалық темекі партиясын анықтады.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, тоқтатылған көліктің шанағында жүкқұжаттарда көрсетілген тауарлардың орнына темекі болған.

«Тәркіленген 6,5 млн қорап темекінің кедендік құны 1,5 млрд теңгеге жуықты құрады <...> Қазіргі уақытта экономикалық контрабанда фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, мамыр айында хабарланғандай, өткен жылы темекі контрабандасы салдарынан Қазақстанның мемлекеттік бюджеті шамамен 33 млрд теңгеге шығынға ұшыраған болатын. 

Өткен жылдың тамыз айында Оралда тәркіленген жалған есепке алу-бақылау маркалары (ЕБМ) салынған темекінің ірі партиясы 1,6 млн қораптан астам болды. Ол 967,5 млн теңгеге бағаланды.

Сол кезде ҚМА департаменті Жамбыл облысы бойынша Қырғыз Республикасынан екі вагон темекі бұйымдарын ЕБМ-сіз және тауарға ілеспе құжаттарсыз әкелу әрекеті туралы қылмыстық істі тергегені белгілі болды. Құны 1,3 млрд теңгеден асқан.