15 қыркүйектен кейін мүлік иелері бірлестігінің (МИБ) төрағалары жиналыстарда үш жылдық мерзімге сайланып, үй кеңесінің құрамына кіретін болады.
Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, төрағалыққа және кеңес құрамына кандидат пәтердің немесе тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі болуы тиіс. Сондай-ақ қарауға меншік иесінің отбасы мүшелері жіберіледі: жұбайы (зайыбы), балалары, ата-анасы, меншік иесімен тұрақты тұратындар.
Сонымен қатар, төраға сенімхатсыз МИБ-тің мүдделерін барлық соттарда, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда білдіруге құқылы екені хабарланады.
Төрағаның уақытша еңбекке жарамсыздығы немесе өзге де дәлелді себептермен 15 күннен астам мерзімге болған жағдайда, үй кеңесі өз мүшелерінің арасынан уақытша міндетін атқарушыны сайлай алады. Мұндай төрағаның өкілеттік мерзімі алты айдан аспайды.
«Төраға кондоминиум объектісін басқару үшін көппәтерлі тұрғын үйдің басқарушысымен еңбек шартын жасасуға құқылы. Ол үшін оған жиналыстың шешімі немесе басқарушыны жалдау жөніндегі өкілеттіктер берілген кезде үй кеңесінің шешімі қажет», - делінген хабарламада.
Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы ҚР азаматы болуы және оның кәсіби біліктілігі танылғаны туралы құжаты болуы тиіс.
Еңбек шарты жасалғаннан кейін ол басқару субъектілерінің тізіліміне мәліметтерді енгізу үшін тұрғын үй инспекциясына ақпарат жіберуге міндетті.
Осылайша, МИБ төрағасы үй кеңесінің функцияларымен объектіні жалпы басқаруды сақтайды, ал басқарушы еңбек шарты негізінде жұмыс істейді.
Фонд-бюро расследования коррупции