Сарыағашта автомобиль құбырға соғылып, жергілікті тұрғындар газсыз қалды.
«QazaqGaz Aimaq» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, авариялық бригада оқиға орнына келіп, газдың ағып кетуін жойған.
«Мамандар апаттың себебі BMW маркалы автомобильдің жер үстіндегі жоғары қысымды газ құбырына соғылуы екенін анықтады. Автомобиль соққысынан кейін газ құбыры екі жерден толық үзіліп, 40 погондық метрден астам газ құбыры деформацияланды», - делінген хабарламада.
Апат салдарынан газбен жабдықтаусыз қалды:
- 21 өндірістік кәсіпорын;
- 153 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын;
- 6 821 жеке сектор абоненті.
«Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары дереу басталды. Оқиға орнында «QazaqGaz Aimaq» АҚ авариялық-қалпына келтіру қызметінің 40-тан астам қызметкерін қамтитын жеті бригада жұмылдырылды», - делінген хабарламада.
Ең алдымен ауруханалар, емханалар, мектептер, балабақшалар және жергілікті полиция ғимаратының газбен жабдықталуы қалпына келтірілді.
«Түнгі уақыттың кештігі, сондай-ақ газ қауіпті жұмыстарды күндізгі уақытта жүргізу қажеттілігін ескере отырып, сағат 9:00-ден бастап жеке сектор мен кәсіпорындарды қайта қосу бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Газбен жабдықтау 2024 жылғы 11 желтоқсанда сағат 13:00-ге дейін толық қалпына келтіріледі деп күтілуде», - деп хабарлады компанияда.
Еске салайық, қазан айында БҚО-да трактор зақымдаған жерасты полиэтилен газ құбыры бірқатар елді мекендер мен бақ шаруашылықтарын газбен жабдықтаусыз қалдырған еді. Газ құбыры «QazaqGaz Aimaq» АҚ балансында болғаны атап өтілді.
Фонд-бюро расследования коррупции