Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) «Нурбанк» және «Bereke Bank» акционерлік қоғамдарының қызметінде бұзушылықтарды анықтады.
«Nege.Aqsha» Telegram-арнасының мәліметінше, «Нурбанк» Қаржы мониторингі агенттігіне (ҚМА) міндетті мониторингке жататын деректерді ұсынбаған. Ол үшін банкке 14,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар «Bereke Bank» әрекеттерінен «Банктер және банк қызметі туралы» заңның 45-1-бабының («Қадағалау ықпал ету шаралары») және 46-бабының («Қаржылық жағдайды жақсарту және тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар») талаптарын орындауға қатысты бұзушылықтар анықталды.
«Нурбанктен» айырмашылығы, «Bereke Bank» бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамамен ғана құтылды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың ақпан айында ҚР Ұлттық банкі «Банк Фридом Финанс Казахстанды» 55 380 теңгеге айыппұл салған болатын. Мұндай жаза банктің валюталық заңнама талаптарын сақтамауына байланысты қолданылды.
Фонд-бюро расследования коррупции