Skip to main content

Нигматулин зауытындағы жұмысшылардың өліміне жұмыс беруші кінәлі деп танылды

Submitted by Вера Александрова on

Қарағандыдағы «YDD Corporation» ЖШС зауытындағы трагедияны тергеген арнайы комиссия жұмыс берушіні төрт қызметкердің өліміне әкелген бақытсыз жағдайда кінәлі деп таныды. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, комиссия мүшелері техникалық құжаттаманы, оқиға орнын қарау нәтижелерін, куәгерлердің сұхбаттарын, сараптамалық ұйымның қорытындысын және басқа да материалдарды зерделегеннен кейін осындай қорытындыға келген.

«Кәсіпорында жарақаттаушы факторлардың әсерін болдырмау бойынша шұғыл шаралар тиісті дәрежеде қабылданбаған, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен қызметкерлердің ережелерді, нұсқаулықтарды және технологиялық тәртіпті сақтауын бақылау элементтері тиісті дәрежеде жасалмаған», - делінген хабарламада.

Тергеу нәтижелері мен жиналған барлық материалдар құқық қорғау органдарына беріледі. Сонымен қатар комиссия компания басшылығына бақытсыз жағдайдың себептерін жою және болашақта ТЖ алдын алу шараларын қабылдауды ұсынды.

«Жұмыс берушінің ақпараты бойынша, жұмыс берушінің міндеттемелеріне қатысты материалдық сипаттағы барлық мәселелер, сондай-ақ қайтыс болғандардың жақын туыстарына және зардап шеккендердің өздеріне өзге де көмек көрсету реттелген. Сонымен қатар, жұмыс беруші зардап шеккендердің жақын туыстарына өтеусіз материалдық көмек көрсетті», - деп хабарлады министрлікте.

Еске салайық, 20 шілдеде Қарағандыда «YDD Corporation» ферроқорытпа зауытында өндірісте бақытсыз жағдай орын алды – жалын шығуы салдарынан сегіз жұмысшы зардап шекті, оның төртеуі қайтыс болды

Зауыттың құрылтайшысы белгілі кәсіпкер Ерлан Ниғматулин, ол Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Ниғматулиннің бауыры.