Алматы облысы полициясы Талғар ауданы Еркін ауылындағы қоқыс үйіндісінен мемлекеттік рәміздердің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғады.
Zakon.kz мәліметінше, қоқыста түсірілген желідегі видеода үш мемлекеттік елтаңба және ел туына ұқсас көк материал көрінеді. Оның астындағы пікірлерде адамдар кінәлілерді тауып, жазалауды талап еткен.
Өз кезегінде облыстық полиция департаменті мемлекеттік рәміздерді қорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағандарын мәлімдеді.
«Талғар аудандық полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша қажетті жедел іс-шараларды бастады. Кінәлі тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады», - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Аудандық әкімдікте де видеоны түсіндіріп, лақтырылған мемлекеттік рәміздердің жанынан белгілі бір колледждің құжаттары табылғанын айтты.
«Бұл қоқыс үйіндісі Талғар ауданы Қайнар ауылдық округінің Еркін ауылының жеке меншік аумағында орналасқан. Қазіргі уақытта ЖАО қызметкерлері қоқыс орнын тексеруді жүргізді. Көрнекі тексеру кезінде көрсетілген мемлекеттік рәміздердің жанында білім беру мекемесі – колледждің құжаттары бар екені анықталып, мән-жайы анықталуда. Қоқс орнынан қазіргі уақытта мемлекеттік рәміздер алынды», - делінген хабарламада.
Ведомство мемлекеттік рәміздерді ҚР Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларына сәйкес жоятынына уәде берді.
«Ресми түрде мәлімдейміз, аталған мемлекеттік рәміздер Талғар ауданының мемлекеттік мекемелеріне тиесілі емес, осыған байланысты қазіргі уақытта бұл мәселе Талғар ауданы ПБ қызметкерлерімен қаралуда», - деп хабарлады Талғар ауданы әкімдігінен.
Еске салайық, былтырғы жылдың тамыз айында Талдықорғандық белсенді облыстық сот ғимаратының жанында жерде жатқан Қазақстан елтаңбасын видеоға түсірген еді. Кейін өңір полициясы тәртіп сақшылары роликті зерттеп, кінәлілерді жазалағанын хабарлады.
Сол жылдың қазан айында Атырау облысының вахталық поселкесінде тұрмыстық және құрылыс қоқыстарының арасынан Қазақстанның бірнеше туы байқалды. Сонда облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізуге уәде бергенімен, бәрі қалай аяқталғаны хабарланбады.
2023 жылдың желтоқсанында Көкшетау тұрғыны назарын аударған Ақмола статистика департаменті ғимаратындағы мемлекеттік ту өте нашар күйде болған. Мемлекеттік рәміз аянышты әсер қалдырған, тозған тудың видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды.
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі журналистердің мемлекеттік рәміздерге құрметсіз қарағаны үшін мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартыла ма деген сауалына жауап бермей, ішкі саясат басқармасына жіберген. Кейін статистика департаменті туды жаңасына ауыстырды.
Фонд-бюро расследования коррупции