Ұлыбританияда қазақстандық «Достық» ордені сатылуда, оны экс-президент Назарбаев Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчерге сыйлаған болатын.
CMN.KZ деректеріне сәйкес, тиісті хабарландыру британдық антиквариат сатуға арналған Peter Harrington интернет-платформасында пайда болды. Орденнің құны £12,5 мың (шамамен 7,9 млн теңге) құрады.
Назарбаев бұл награданы Маргарет Тэтчерге 2001 жылы Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін табыс еткені атап өтіледі. Кішігірім тозу белгілеріне қарамастан, орден жақсы күйде.
«Асыл тастармен безендірілген кеуде жұлдызы иық лентасындағы орден белгісімен бірге ақ атлас төсемі бар түпнұсқа қою көк қораптың ішіндегі көк барқыт жастықшада ұсынылған, қақпағының алдыңғы жиегінде «Достық» деген жазуы және жез бекіткіштері бар. Жинаққа сыйлық брошюрасы кіреді», — деп көрсетілген сипаттамада.
Фонд-бюро расследования коррупции