Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (МҚҚ) Наманган қаласының әкімі Анваржон Отаходжаевқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу органдарының мәліметі бойынша, ол ерекше ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінген.
Анықтама үшін: әкім – бұл Өзбекстандағы жергілікті әкімшіліктің басшысы, мэр, губернатор.
МҚҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкім жеке аяқ киім компаниясының басшысымен бірге кәсіпкерден көпқабатты үй салу үшін 35 сотық жер учаскесін беру үшін $60 мың (32,3 млн теңге) талап еткен.
«ЖШС басшысы көрсетілген соманы алғанының заттай дәлелдемелерімен ұсталды. Одан әрі жедел іс-шара жалғасып, қала әкімі ЖШС басшысынан $60 мың алған кезде ұсталды», - делінген хабарламада.
Анваржон Отаходжаев депутаттық қол сұғылмаушылықтан айырылып, қамауға алынды. Оған және кеңсе меңгерушісіне қатысты ерекше ірі мөлшерде пара алу күдігімен қылмыстық іс қозғалды. Баптың санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
Компания басшысына ерекше ірі мөлшердегі алаяқтық және ерекше ірі мөлшерде пара беруге серіктестік жасады деген айыптар тағылды.
Сонымен қатар, тағы бір парақорлық жағдайы Ташкент облысының Заңгиота ауданында тіркелді. Ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы жергілікті тұрғынның үйінің жанында орналасқан 8 сотық жерді меншікке ресімдеу үшін $40 мың (21,5 млн теңге) талап еткені хабарланды. Ол $20 мың (10,7 млн теңге) алған кезде ұсталды.
Қазіргі уақытта бас маманға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Фонд-бюро расследования коррупции