Skip to main content

Мусин «Қазақтелекомның» жарнамаға көзқарасын өзгерте ме?

Submitted by Вера Александрова on

Өткен жылдың соңында «Қазақтелеком» АҚ жарты миллиард теңгеге жуық жарнамалық келісімдер жасасқан болатын. 

«Nege.Aqsha» деректері бойынша, ұлттық оператор «ROI Group» компаниясымен 179,2 млн теңгеге, ал құрамына «QAMALLADIN MEDIA» және «DOSTYK CAPITAL» компаниялары кіретін консорциуммен 280 млн теңгеге шарт жасасқан. 





Ақша «Қазақтелекомның» оң имиджін ілгерілетуге бағытталған жарнамалық-ақпараттық және PR материалдарына жұмсалғаны хабарланады. Сонымен қатар, келісімшарттардың егжей-тегжейі коммерциялық құпияны сақтау сылтауымен құпияланған. 

Өз кезегінде журналистер ұлттық байланыс операторы басқарма төрағасының жаңасы Бағдат Мусин тағайындалғаннан кейін жарнамаға деген көзқарасын өзгерте ме деген сұрақ қойды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін 2010 жылдан бері «Қазақтелеком» АҚ-ны басқарған Қуанышбек Есекеев қызметінен кеткені белгілі болған еді. Оның орнына цифрландыру жөніндегі бұрынғы министр Бағдат Мусин тағайындалды.