Маңғыстау облысының прокуратурасы өндірістік жарақаттарды құқық қорғау органдарынан жасыру фактілерін анықтады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, мысалы, мұнай сервистік компаниялардың бірінің лауазымды тұлғалары дәрігердің тиісті қорытындысына қарамастан, қызметкердің ауыр жарақат алуын жасырған. Тағы бір өндірістік жазатайым оқиға бойынша да осыған ұқсас жасыру фактісі анықталды.
Жинақталған материалдар бойынша прокурорлар қылмыстық істерді тіркеп, оларды сотқа жолдады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Ақтауда «МАЭК» ЖШС (Маңғыстау атом-энергетикалық комбинаты) қызметкері қаза тапты. Жөндеу цехының шеберіне құбыр құлаған.
Келесі күні Маңғыстау облысында «Северные Бузачи» кен орнында мұнай және газ өндіру операторы қаза тапты. Қайғылы оқиғадан кейін қайтыс болған қызметкердің әріптестері бейнежазба түсіріп, онда жұмыс берушінің жұмыс орындарындағы барлық қауіпсіздік жағдайларын сапалы қамтамасыз етуіне күмән келтірді. Олар «Buzachi Operating» компаниясының бас директорымен кездесуді талап етті.
Фонд-бюро расследования коррупции