Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты БҚО полиция бастығының орынбасары Талғат Арыновтың ұлы Нұржан Арыновты ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Lada.kz мәліметінше, іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Айыпталушы ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1, 3 және 5-тармақтары бойынша – «Электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен ерекше ірі мөлшерде өткізу мақсатында психотроптық заттарды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау» деп айыпталды.
Ұстау кезінде жас жігіттен психотроптық және синтетикалық заттары бар орамдар, сондай-ақ электрондық таразы, металл қасық, изолента және фольга алынды.
Алқабилердің үкімімен ол кінәлі деп танылып, 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Мамыр айында іс алғаш қаралған кезде Арыновтың кінәсі дәлелденбеген деп саналып, ақталғаны атап өтіледі.
Алайда шілде айында сот алқасы облыс прокуратурасының өтінішхатын қанағаттандырып, алқабилер сотының ақтау үкімін күшін жойды. Іс жаңадан қарауға жіберілді.
Фонд-бюро расследования коррупции