Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылында ер адам жергілікті полиция бөлімінің өткізу пунктінде өзін-өзі өртеп жіберуге әрекет жасады.
Lada.kz мәліметінше, оқиға қызметкерлер патрульдік кезекшілік кезінде Жол жүру ережелерін бұзғаны үшін автокөлікті тоқтатып, жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартқаннан кейін болған.
Біраз уақыттан соң ер адам полиция бөлімінің өткізу пунктіне өзі келіп, полицейлердің әрекетіне наразылық білдірген.
Пункт аумағында ол өзін сұйықтықпен суландырып, өртеп жіберуге тырысқан, алайда полиция қызметкерлері оның әрекетін дер кезінде тоқтатқан.
Ер адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.
Фонд-бюро расследования коррупции