Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданында балабақша педагогы масаң күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылды.
Cmn.kz мәліметінше, «ВАЗ-2010» көлігін басқарған ер адам Орал-Атырау тас жолының 41-ші шақырымында тоқтатылған.
Нәтижесінде сот педагогты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі («Көлік құралын мас күйіндегі жүргізушінің басқаруы») бойынша кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады. Сонымен қатар, құқық бұзушы 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды.
Сонымен бірге сот Қазталов ауданы білім бөліміне қатысты жеке қаулы шығарды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Павлодар облысы Қалқаман ауылдық округінің әкімі Тілеуғали Кендебайды масаң күйде көлік жүргізгені үшін жұмыстан шығаруды ұсынды. Сол кезде Ақсу қалалық соты шенеунікті кінәлі деп танып, оған 15 тәулік қамау және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасын тағайындаған болатын.
Ағымдағы жылдың ақпан айында Астанада Алматы қаласының бұрынғы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров масаң күйде көлік жүргізгені үшін қамауға алынды. Оған да 15 тәулік әкімшілік қамау және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы тағайындалды.
Мамыр айының басында Ақтөбеде облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқа төрайымы Разия Ахметованың ұлы Бегарыс Махутов ақталғаны хабарланды, оны полицейлер масаң күйде көлік жүргізгені үшін ұстаған еді.
Фонд-бюро расследования коррупции